Ақтөбе мен Қостанай қаласында футболдан Қазақстан Кубогының алғашқы жартылай финалдық ойындары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе мен Қостанай қаласында футболдан Қазақстан Кубогының алғашқы жартылай финалдық ойындары өтті

03.06.2015
Ақтөбе мен Қостанай қаласында футболдан Қазақстан Кубогының алғашқы жартылай финалдық ойындары өтті

14-ші минутта Арунас Климавичус айып алаңында Жерар Гоуға қарсы ойын ережесін бұзғаны үшін «Тобыл» қақпасына пенальти белгіленген, алайда оны  Ивуарлық легионер сәтті орындай алмайды.

Арада аз уақыт өткен соң, Жерар Гоу есеп ашса, екінші таймда Бауыржан Исламхан мен Исаэль мергендігімен танылып, таблода 3-0 есебі тіркелді. Ал, «Астана» футбол клубы болса сырт алаңда «Ақтөбені» 2-0 есебімен жеңді. Қарымта матчтар қыркүйектің 23-де өтеді.

Хабарламаларға жазылу