Волейболдан еліміздің әйелдер құрамасы үшін Әлемдік Гран-при бәсекесі аяқталды.
Екі аптаға созылған іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Александр Гутор шәкірттері Австралияда өтетін финалға шыға алмады.
Қазақстандық арулар турнирдің екінші аптасында Перуде ойнаған. Жерлестеріміз Колумбия, Куба және жергілікті волейболшылармен болған кездесуде қарсыласқа есе жіберді.
Перу құрамасымен өткен ойында 15 ұпай еншілеген Анхела Лейва матчтың ең нәтижелі ойыншысы атанды.
Индира БЕКТЕНОВА