Жанкүйерлердің мақтанышы Хьюитт ойынның бірінші сетінде 7:6 есебімен басым түсті. Екінші партияда Александр еш қауқарлық таныта алмады. Есеп 6:2.
Үш күн қатарынан үш ойын өткізген отандасымыздың шаршағаны байқалып тұрды. Нәтижесінде үшінші сетте 6:3 есебімен Лейтон ойынның нүктесін қойды. Осылайша Австралия құрамасы келесі кезеңге жолдама алды.
Индира БЕКТЕН