Олардың арасында биылғы Қазақстан барысында бақ сынағандар да бар.
Бас жүлдеге екі бірдей темір тұлпар тігілгендіктен бәсекеде өте жоғары деңгейде болды.
74 келіде шымкенттен келген Ерсұлтан Мұзапаров І орын алды. Ол финалда қызылордалық Ғалымжан Әбдірахмановтан басым түсті.
Ал, аса ауыр салмақта Айбек Нұғымаров қарсылас шақ келтірмей, темір тұлпарды тізгіндеп кетті.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ