Алғашқы таймда алаң иелері ұзақ уақыт басымдықта болып, допқа иелік етті. Ал, қарымта шабуылда Фокси Кетевоама Стас Покатилов қақпасына қауіп төндірген негізгі шабуылшы ретінде көзге түсті.
Екінші таймда «Астана» да «Ақтөбе» де тартысты ойын ойнады. Кездесудің 81 минутында астаналықтар сәтті шабуыл ұйымдастырып, Рохер Каньяс қарсылас қақпасына гол салды.
Рустам БАЙДАУЛЕТ