Ақтаулық спортшы полиатлоннан Әлем чемпионы атанды. Арина Мишеева Ресейдің Ялта қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы бес сайыстан жазғы ойындарында өнер көрсетті.
Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 200-ге жуық спортшы қатысқан. Отандасымыз 12-13 жастағы қатысушылар арасындағы бәсекеде озып шықты. Арина Мишеева Ақтаудың «Жастар» спорт мектебінің тәрбиеленушісі.
Гүлзия СЕЙІТОВА