Тайландта өткен Азия чемпионатынан кейін спортшының ағзасында тыйым салынған субстанция табылған. Зілтемірші осымен екінші рет допинг дауына тап болды. 2012 жылы Фаинаның допинг қолданғаны дәлелденіп, 2 жылға жарыстарға қатысудан шеттетілген.
Қазір кезекті тексеру-анықтау жұмыстары жүргізілуде. Егер спортшының бұл жолы да ереже бұзғаны дәлелденсе, қатаң жаза қолданылады.
Индира БЕКТЕНОВА