«Реал Мадрид» клубының шабуылшысы тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Реал Мадрид» клубының шабуылшысы тұтқындалды

04.11.2015
«Реал Мадрид»  клубының шабуылшысы тұтқындалды
«Реал Мадрид»  клубының шабуылшысы тұтқындалды

«Реал Мадрид» футбол клубының шабуылшысы, Франция құрамасының ойыншысы Карим Бенземаны Версаль полицейлері тұтқындады. Бұл туралы Франс Пресс агенттігінің twitter аккаунтынан ақпарат тарады.

Футболшыға француздық «Лион» клубының ойыншысы Матье Вальбуэнді бопсалады деген айып тағылған.

Вальбуэнге қатысты айқай-шу қазан айында басталған. Сол кезде полицейлер Франция ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Джибрил Сиссе бастаған 4 адамның Вальбуэнді бопсалағаны туралы іс қозғаған болатын. Олар Вальбуэнді интимдік бейнежазба арқылы бопсалаған көрінеді. Сөйтіп, бейнежазбаны интернет арқылы тарататындықтарын айтып ақша талап етіпті. Бірақ, кейін Сиссені полицейлер босатқан еді. Енді бұл іске қатысты Карим Бензема тұтқындалып отыр

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу