Бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты елордадағы «Барыс Арена» сарайында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты елордадағы «Барыс Арена» сарайында өтеді

17.05.2016
Бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты елордадағы «Барыс Арена» сарайында өтеді
Екі күннен кейін әлемнің ең мықты былғары қолғап шеберлері елордада бас қосады. Әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты 19-27 мамыр аралығында жақында ашылған «Барыс Арена» сарайында өтеді.

Дүбірлі додада әлемнің 67 елінен келген 350-ге жуық спортшы 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтамақ.

Сонымен қатар, 51, 60 және 75 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде Олимпиада ойындарына жолдама ойнатылады.

Азамат НҰҒЫМАНОВ
Рустам БАЙДАУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу