Ауыр атлетика бойынша Қазақстан чемпионатында Владимир Седов шу шығарды. 2009 жылғы әлем чемпионы жарыс алаңына шығып, штанганы көтермеген.
Сондай-ақ ол үстіндегі футболкасын шешіп, көрермендерге қарай: «Міне, олимпиада чемпионы!» деп лақтырған. Бапкерлер бұл оның киіміне қатысты айтылған сынға жауабы екенін жеткізді. Футболкада жанкүйерлер Лондондағы ойындарда Илья Ильиннен ұтылған ресейлік штангашының суретін байқады. Алексей Ни бұл қылықты психологиялық жағдайымен байланыстырды. Мұндай әрекетінен кейін Седовтың Риоға бармайтыны айдан анық.
ҚР ауыр атлетика бойынша бас бапкері Алексей Ни: «Бұндай психикалық ауытқушылықтар спортшыда жиі болып тұрады. Бәсекеге төзе алмайды. Айналадағының бәрі кінәлі. Оның ашуы кенеттен пайда болады. Оны бақылап, қашан болатынын болжау мүмкін емес. Оны дайындықтан және Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысудан шеттейміз. Спортшы мұндай психикалық жағдайымен еліміздің намысын қорғай алмайды. Олимпиадада осы қылығын қайталаса, Қазақстанды жерге қаратады».
Фото: vesti.kz