Әні: Марат Ілиясов, сөзі: Жарылқасын Боранбаев
Бүгінгі ел ішінде,
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісімен,
Жағалай малдас құрған.
Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарханым.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Анаға ақ пейілмен,
Иілсе келін-балаң.
Ықылас-ізет еткен,
Сыйластық елін табам(ын).
Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарханым.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын!
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шар айнасын!