УЕФА қатарынан бірнеше елге қатысты дисциплинарлық іс қозғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

УЕФА қатарынан бірнеше елге қатысты дисциплинарлық іс қозғады

20.06.2016
УЕФА қатарынан бірнеше елге қатысты дисциплинарлық іс қозғады

 

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Венгрия, Португалия және Бельгия ұлттық федерацияларына қатысты тәртіптік іс қозғады.

Оған жанкүйерлердің шектен шыққан қылықтары себепші. Венгрия жанкүйерлері 18 маусым күні Марсельде F тобында Исландия құрамасымен матч кезінде отшашу құралдарын пайдаланды, алаңға бөгде заттар лақтырып, жаппай төбелес ашты деп айып тағылып отыр.

Ал португалдық федерация Парижде дәл осы топта Англия құрамасымен ешқандай ұпайсыз теңбе-тең аяқталған кездесуде жанкүйерлердің ойын алаңына шығып кеткені үшін жазаланатын болды.

Бельгия құрамасының фанаттары Бордода 18 маусымда өтіп, бельгиялықтардың жеңісімен аяқталған Е тобында ирландтықтармен кездесуде оларға қарсы отшашу пайдаланып, бөгде заттар лақтырған.

УЕФА-ның тәртіптік комитеті Венгрияның ісін 21 маусымда қарайды. Ал Португалия мен Бельгияға қатысты ақпарат жоқ.

Бұған дейін УЕФА Хорватия мен Ресейге қарсы іс қозғаған болатын. Онда да жанкүйерлердің бейәдеп қылықтары себеп болған. Шешім бойынша, Ресей құрамасы турнирдің соңына дейін шартты түрде жарыстан шығарылды.

«www.bnews.kz»

Хабарламаларға жазылу