Қазақстандық Галина Воскобоева Рио-де-Жанейрода өтетін 2016-Олимпиада ойындарына төртінші лицензияны ұтып алды.
Қазақстан теннис федерациясы хабарлағандай, Галина 2014 жылы жарақаты салдарынан тоқтап тұрған WTA рейтингі есебінен (64-орын) лицензия алды.
Халықаралық теннис федерациясының қағидаларына сәйкес кортқа оралғаннан кейін қазақстандық өзінің бұрынғы рейтингімен 11 ірі турнирлерге қатысу құқығына ие болады.
Нәтижесінде, Қазақстан өкілдері Галина Воскобоева, Михаил Кукушкин және Юлия Путинцева Олимпиадалық ойында бір разрядта Қазақстанның атынан шығады.
«Үлкен дулыға» екі турнирінің жеңімпазы қазақстандық Ярослава Шведова жұптық разрядта шығады. Төртжылдық турнирде Шведова отандық Галина Воскобоевамен шығады.