«Қазақстан Барысы» турнирінен төрт палуан допинг қолданғаны үшін шеттетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы» турнирінен төрт палуан допинг қолданғаны үшін шеттетілді

23.06.2016
«Қазақстан Барысы» турнирінен төрт палуан допинг қолданғаны үшін шеттетілді

Қазақ күресі федерациясының өкілі Тастанбек Есентаев төрт қатысушының мельдоний қолданғаны үшін «Қазақстан Барысы» турнирінен шеттетілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

«Біздің спортшылар халықаралық деңгейге шығу үшін WADA тексерісінен өтеді. Өкінішке қарай, «Қазақстан барысы» турнирінің төрт қатысушысы мельдоний қолданған. Олар жарыстардан шеттетілді», - деп хабарлады Тастанбек Есентаев.

Осылайша, Мереке Тұраев, Александр Косачев, Айбек Нұғымаров және Самир Мамедов жарыстардан шеттетілді.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Барысы-2016» турнирі 3 шілде күні Астанада өтеді.  

Хабарламаларға жазылу