Еуропа Лигасы: «Қайрат» клубы «Теута» командасын 5:0 есебімен ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Лигасы: «Қайрат» клубы «Теута» командасын 5:0 есебімен ұтты

08.07.2016
Еуропа Лигасы: «Қайрат» клубы «Теута» командасын 5:0 есебімен ұтты

Алматының Орталық стадионында Еуропа Лигасының бірінші іріктеу раунды аясында «Қайрат» командасы мен Албанияның «Теута» футбол клубының кездесуі өтті. Аса тартысты өткен матчта алматылықтар қарсыластарын 5:0 есебімен ұтты.

Ойын бастала салысымен «Қайрат» клубы жанкүйерлердің қолдауымен ойын тізгінін өз қолдарында алып, шабуыл жасауға көшті. Ойынның 27-ші минутында Жерар Гоу есеп ашты. Ал, бірінші тайм соңында Михаил Бакаев есепті 2:0-ге жеткізді.

Ойынның 60-шы минутында оң қапталдан Бауыржан Исламханның айып алаңына берген пасын ұтымды пайдаланған Жерар Гоу гол соқты. Арадан көп уақыт өтпей Гаэль Тавамба төртінші голдың авторы атанды. Бауыржан Тұрысбек 79-шы минутта ойындағы соңғы голды салды. Қорытынды есеп – 5:0.

Айта кетейік, сырт алаңдағы ойында «Қайрат» клубы «Теутаны» 1:0 есебімен ұтқан болатын

«Қайрат» клубы Еуропа Лигасының келесі кезеңіне жолдама алды.

Хабарламаларға жазылу