Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов пен баскетболдан Сеул Олимпиадасының жеңімпазы Валерий Тихоненко «Физкульт-Ура» әлеуметтік жобасының соңғы сабағына қатысты. Сабақты негізінен бағдрламаның кураторы Юрий Мельниченко.жүргізді.
«Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдауымен өткен 25-ші сабақ Астанадағы Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды. Соңғы сабақ қазіргі фитнес-индустрия технологияларын қолдануымен ерекшеленді.
Бұған дейін «Физкульт-Ура» сабақтары Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Тараз, Талдқорған, Көкшетау, Қостанай қалаларында және Қостанай облысындағы Федоровка ауылында өткізілді. Жобаға Василий Левит, Ивана Дычко, Данияр Елеусінов, Эльмира Сыздықова, Дариға Шәкімова, Дмитрий Баландин, Гюзель Манюрова, Серік Сәпиев, Ольга Шишигина, Валерий Тихоненко, Ермахан Ибраимов, Жақсылық Үшкемпіров, Юрием Мельниченко және басқада атақты спортшылар қатысып, ашық сабақ өткізген болатын.