Астанадағы марафонға күллі дүниеден 5 мың адам қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы марафонға күллі дүниеден 5 мың адам қатысады

02.08.2017

Бүгін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің 25 жылдығына орай өтетін марафон ұйымдастырушылары осылай деді. Мәреге шығатын 5 мың адамның бәрі кәсіби спортшы емес. Олар өзара үш қашықтықта бақ сынайды. Енді жүгіріп бастағандар 2017 метр қашықтықта мықтыны анықтайды. 2017 метр деп бекер таңдалмаған. Бұл санның ар жағында өтіп жатқан «ЭКСПО» көрмесінің жылы тұр. Ал, әуесқойлар 10 мың метрде сайысады. Ең шымыр әрі шыдамдылар 42 шақырым 195 метр марафонды жүгіріп өтуі тиіс. Бұл дода жеңімпазына берілетін сыйақы да қомақты. Егер жүгіруші қашықтықты екі сағат 20 минут ішінде жүгіріп өтсе, 13 мың АҚШ долларын қанжығасына байлайды. Егер, осы уақыттан кешіксе жартысын иеленеді.  

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу