«ЭКСПО» көрмесі аясында елордада аударыспақтан халықаралық турнир басталды. Сайыста Венгрия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, АҚШ спортшылары бақ сынайды. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханның айтуынша, І халықаралық ашық турнир бәсекесінде балуандар 80 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары салмақтарда өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың соңғы күнінде абсолютті салмақтың алтын белдігі сарапқа салынады. Жалпы, жүлде қоры - 5 миллион 200 мың теңге. Турнирде Қазақстанның намысын 2014 жылы елішілік бәсекенің алты дүркін, Қырғыз Республикасында өткен ІІ дүниежүзілік көшпенділер ойынының чемпионы Біржан Қосалиев, ауыр және абсолютті салмақтың мықтысы Сырым Ізбасаровтар қорғайды.
Мәди МҰХАМЕДҚАЛИ