Әлем Барысы» бәсекесіне қатысатын палуандар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем Барысы» бәсекесіне қатысатын палуандар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты

07.09.2017

«Әлем Барысы» турниріне қатысатын ең ауыр палуан 175 келі болды. Ол жаңазеландиялық Чико Реремоана Пембертон. Төл күресімізді ұлықтайтын айтулы бәсеке алдында 37 елден келген 42 палуан салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. Олардың ішінде халықаралық деңгейде жүлде салып жүрген апайтөс алыптар жетерлік. Қазақ елінің намысын бұл сайыста Айбек Нұғымаров, Ержан Шынкеев, Айбат Сейтен, Дәурен Нұралинов және Еламан Ерғалиев сынды спортшылар қорғайды. «Әлем Барысының» жалпы жүлде қоры - 30 миллион теңге. Оның 15 миллион теңгесі «Түйе  палуанға» бұйыратын болады. Ал, дүбірлі доданың көрермендері арасында автокөлік ойнатылмақ.

Айта кету керек,  «Әлем барысы» бірінші рет 2014 жылы өткен. Жерлестеріміз кубалық палуанға есе жіберіп алған болатын. 

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу