Кеше Астанадағы «Қазанат» ипподромында ұлттық спорт - ат жарысы өтті. Бәйге қалалық ауқыммен шектелсе де, сәйгүліктердің саны аз емес. Елімізге танымал пырақтар осы жарыстан табылды. Жыл қорытындысына арналған бәйге бірнеше қашықтықты қамтыды. Олардың ең ұзағы - аламан бәйге. 25 шақырым. Сондай-ақ, қысқа қашықтықтар мен жорға сайысы сияқты тартысты кезеңдер өтті.
Азамат НҰҒЫМАНОВ