Руслан Әбдіразақов алғашқы айналымда грузиялық қарсыласын ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Руслан Әбдіразақов алғашқы айналымда грузиялық қарсыласын ұтты

16.12.2017

Бүгін «Алматы арена» стадионында қазақ күресінен бесінші «Еуразия барысы» халықаралық турнирі жалауын көтерді.

«Алматы барысы» Руслан Әбдіразақов алғашқы айналымда грузиялық қарсыласын (Beka Berdzenishvili)  1 минут 11 секундта таза жеңіп, есепті 6:2-ге жеткізді. Осылайша, Алматы құрамасы жартылай финалға өтті. Енді олар Бразилия-Өзбекстан кездесуінің жеңімпаздарымен шығады.  

Биыл «Еуразия Барысына» Бразилия, Жапония және Камерун елдері тұңғыш рет қатысуда. Ал, бірнеше рет жүлдегерлер қатарынан көрінген Моңғолия мен Грузия командаларының қазақ күресінен тәжірибелері мол. Сонымен қатар, жарыста Өзбекстан, Түркия және Қазақстанның қос командасы бақ сынайды.

Қазақстан намысын қорғайтын балуандар: Айбек Нұғымаров, Дауылбай Оспан, Қуаныш Ысқақов, Бақдәулет Сәбитов, Айдос Ғалымов, Ерсұлтан Мұзаппаров, Бекзат Ахметбеков, Асыл Бәрменов, Ерлан Естек. Сондай-ақ, Дәулет Ниетбай, Ержан Мағауинов, Қасымхан Төленбай, Аманкелді Төлемісов, Сахан Әбдіқасым, Саят Шамшиев, Виктор Демьяненко, Руслан Әбдіразақов, Ғани Келдіқұлов.

Айта кетейік, жарыс олимпиадалық кестемен өтеді. Кесте бойынша екі топқа бөлінеді - А және В тобы. А тобында тақ санды алған команда,  В тобында жұп санды командалар. Алғашқы болып 1-9 жұптар белдеседі. бұл жұпта жеңіске жеткен команда 5 нөмірлі командамен, 3-7 командалар бір-бірімен күреседі, 2-6 командалар және сәйкесінше 4-8 командалар.

Жарысты «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу