«Еуразия барысы». 74 келіде Айдос Ғалымов моңғол палуанын жеңіп, жалпы есепті теңестірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия барысы». 74 келіде Айдос Ғалымов моңғол палуанын жеңіп, жалпы есепті теңестірді

16.12.2017

Қазақ күресінен Алматыда өтіп жатқан «Еуразия барысы» турнирінің жартылайфиналдық жолдамасын Қазақстан құрамасы Моңғолия командасы сарапқа салды.

8 салмақ дәрежесі бойынша өтетін белдесулердің 74 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Айдос Ғалымовтың қарсыласы Тсогтбаатар Тсенд-Очир болды.

Қос бірдей палуанның арасындағы текетірес тартысқа толы болды. Белдесу барысында қарсыластар бір-біріне үнемі шабуылдаумен болды және кездесудің аяқталуына 2 минуттай уақыт қалғанда Айдос Тсогтбаатар әдіс қолданып, жамбас ұпайын еншіледі. Сондай-ақ, артынша бүк ұпайына қол жеткізді. Алайда, қарсылас ұпай айырмасын қысқартуға белсене кірісіп,  2 бүк ұпайын алды. Бірақ, соған қарамастан Айдос Ғалымов жеңіске жетті.

Нәтижесінде жалпыкомандалық есеп қайтадан теңесті. 2:2

Айта кетейік, «Еуразия барысы» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу