«Qazsport» телеарнасы дзюдодан әлемдік Гран-При кезеңін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazsport» телеарнасы дзюдодан әлемдік Гран-При кезеңін тікелей эфирде көрсетеді

18.01.2018
«Qazsport» телеарнасы дзюдодан әлемдік Гран-При кезеңін тікелей эфирде көрсетеді

          2018 жылдың 19-21 қаңтар күндері Тунисте дзюдодан әлемдік Гран-Придің алғашқы кезеңі өтеді. Әлемнің 48 елінен 407 дзюдошы қатысатын байрақты бәсекеде Қазақстан Ұлттық құрамасы сапынан 13 дзюдошы қатысады. Аталмыш бәсекенінің алғашқы күнін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция уақыт: 19 қаңтар, 20:55-те.

         Әлемдік додада ел намысын ерлер арасынан - Жақсыбек Жеңісбек (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (60 келі), Ғұмар Қырғызбаев (66 келі), Ерлан Серікжанов (66 келі),Азамат Мұқанов (73 келі), Жансай Смағұлов (73 келі), Дидар Хамза (81 келі), Қажымұқан Өтеулиев (81 келі), Ислам Бозбаев (90 келі), Дәулетхан Жақыпов (90 келі), Жасұлан Мұхаметханов (-100 келі), Виктор Демьяненко (-100 келі), Санжар Жабборов (+100 келі) қорғайды.

Айта кетейік, екінші жарыс күнін 20 қаңтарда «Qazsport» арнасынан 23:40-та, бәсекенің үшінші күнін 21 қаңтар, 23:10-да көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу