![Қазақстан Қысқы Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_108444.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Төртжылдықтың басты додасы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы 57 жолдамаға жеңіп алды.
Олар биатлоннан - 10, мәнерлеп сырғанау - 3, шорт-трек - 12, конькимен сырғанау - 12, шаңғы жарысы - 7, фристайл-могул - 4, фристайл-акробатика - 5, тау шаңғы спорты - 2, трамплиннен секіру - 1, шаңғы спорты - 1.
Алғашқы болып Олимпиада қалашығына биатлоншылар кіреді. Олар 1-ақпанда Пхенчханға келеді деп жоспарланған. 7-ақпанда Олимпиада қалашығында қазақтың көк байрағы көтеріледі.
Естеріңізге салайық, ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді. Оған 95 мемлекеттен 2 900 спортшы мен ресми өкілдер қатысады деп жоспарлануда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан Қысқы Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/29626/)