Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған спорттық шара ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған спорттық шара ұйымдастырылды

01.06.2018

«Бақытты балалық шақты қорғау». Алматыда осындай атаумен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған спорттық шара өтті. Оған 700-ден астам жасөспірім белсене қатысып, бақ сынады.

Олар 60 және 100 метрге жүгіру, арқан тарту, шағын футбол сияқты спорт түрлерінен күш сынасты. Көтеріңкі көңіл-күймен басталған балалар сайысына Елена Хрусталева, Денис Тен, Ермахан Ыбырайымов сынды танымал спортшылар да атсалысып, жеткіншектерге жігер берді. Дәстүрлі жарыс арқылы өскелең ұрпақты спортқа баулып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға үйретеміз, - дейді ұйымдастырушылар. 

Асқар Омарқұлов, «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары:

- Бұл жоба арқылы бүкіл Қазақстан бойынша ақысыз спорт секциялары ашылды. Олардың саны еліміз бойынша қазір 180. 5000-нан астам балалар қатысуда. Бүгінде осы шараның жалғасы болып жатыр.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу