Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы Қазан қаласына барып, Әлем чемпионатын тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы Қазан қаласына барып, Әлем чемпионатын тамашалады

09.07.2018

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы Қазан қаласына барып, Бразилия-Бельгия құрамаларының ойынын тамашалады. Облыс әкімдігі командаға осындай керемет сыйлық жасады. Әлем чемпионатының ойынын көрген аяқдопшылар елге ерекше әсермен қайтты.

«Қазан Арена» жанкүйерге лық толы.  Әлем көз тіккен доданы дәл осы жерден тамашалау кез-келгенге бұйыра қоймас. Ал, 5 шілде күні «Шымкенттің» Ордабасын 2:1 есебімен жеңген «қайсарлықтарға» облыс әкімдігі осындай керемет сый жасады.

Иван Граф, «Қайсар» футбол командасының ойыншысы:

- Бразилия-Бельгия ойынын тамашаладық. Тартысты болды. Осындай мықты командалардың ойынын көру біз үшін үлкен бақыт. Бізге күш берді. Алған әсеріміз керемет, айтып жеткізе алмаймын.  

Жүз рет естігенше бір рет көзбен  көргенге жетпейді, әрине. Бұл сапар «Қайсардың» аяқдопшыларын тағы бір жеңіске  жетеледі.

Матиас Курьор, «Қайсар» футбол командасының ойыншысы: 

- Бізге бұл сапар өте пайдалы болды. Ерекше шабыт алдық. Осындай керемет сыйлық жасаған әкімге рахмет айтамыз.  Әлем чемпионатын тамашалай отырып, біз алдымызға жаңа міндеттер қойдық.

«Қайсар» ойыншылары мен жаттықтырушылары осылайша тың серпінмен елге оралды. Алда, «Тобол» футбол клубымен өтетін кездесу бар.  

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу