Атыраулық палуан Үндістанның Нью-Дели қаласынан күміс жүлдемен оралды. Азия чемпионатына қатысып, қанжығасы майланған Сырбаз Талғатты бүгін жерлестері қарсы алып, қошеметке бөледі. 61 келі салмақта сынға түскен спортшы Үндістан және Жапон елінің палуандарын оңай ұтқан. Бірақ, ақтық сында өзбекстандық Аббос Рахмоновпен өткен тартысты кездесуде есе жіберіп, сайыс қорытындысымен 2-ші орынға тұрақтады. Ал, құрлықтық біріншілікте Қазақстан жастар құрамасы жалпы есеп бойынша екі күміс, үш қола медальға ие болды.
Сырбаз Талғат, Азия чемпионатының күміс жүлдегері:
- Алматы қаласында оқу-жаттығудан өттік. Азия чемпионатына жақсы дайындықпен бардық. Алдағы уақытта қыркүйек айында өтетін Әлем чемпионатында лайықты өнер көрсетіп, көк Туды желбіретемін деген ойдамын.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.