«Жекпе-жек турнирлерінің көшбасшысы «UFC» бұдан былай қазақ тілінде де сөйлейді». Орталық коммуникациялар алаңына келген «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин осылай деді. «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары ел аумағында «UFC» жекпе-жектерін 1,5 жыл бойы көрсету құқығын сатып алды. «UFC» жарыстарын қазіргі таңда әлемнің 130-дан астам мемлекеттері өз аумағында көрсетеді. Миллиондар асыға күткен ирландиялық Макгрегор мен ресейлік Хабиб Нұрмағамбетов арасындағы аса тарысты кездесуді «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары 6 қазан күні көрсетеді. Жалпы, алдағы уақытта 40 тан астам турнирді трансляциялау жоспарланған.
Сондай-ақ, 16 қыркүйекте күллі әлем асыға күткен Головкин мен Альварес арасындағы бокс кешін де біздің арнадан тамашалауларыңызға мүмкіндік бар.
Ерлан Қарин, «Qazaqstan» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы:
- Біздің көрермендер осындай үлкен шараларды әдетте басқа елдің арналары арқылы қарайтын. Әлем чемпионаты, «УЕФА» ойындары болсын, «UFC»-де енді қазақ тілінде сөйлей бастайды. Бұл да әлемдік ақпарат айдынында өз орнын иеленуге бір септігін тигізеді деп сенеміз.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.