Кэйтлин Уивер мен Эндрю Позе қазақстандық досын еске алуға арналған қойылымды Канаданың Оквилл қаласында өткен халықаралық турнирде көрсетті. Солтүстік Америкалық жұп мұз айдынында билеу үшін әлемге танымал француз әнін таңдаған.
Естеріңізде болса, Денис Тен өткен жылы ауыр жарақаттан кейін аренаға дәл осы әнмен оралған болатын. Кэйтлин мен Эндрю де бұл әуенді Денис Теннің Қазақстандағы шоуына қатысқан кезде естіген екен. Достарының рухын құрметтеп, әсерлі қойылым көрсеткен спортшылардың өнері 120,74 ұпаймен бағаланды.
Турнирдің қорытындысы бойынша мәнерлеп сырғанаушылар ең жоғары нәтижені көрсетіп, тұғыр биігінен көрінді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.