Байрақты бәсекеге 200-ден астам спортшы қатысып, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Аймақта тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға Өзбекстан мен Ресейден және еліміздің 8 облысынан спортшылар келіп, өнерлерін ортаға салды. Бүгінде киокушинкай каратэ Қазақстанда қарқынды дамып келе жатыр. Федерация құрамында 7 мыңнан астам спортшы саналады.
Рустем Байбосынов, жеңімпаз:
- Халықаралық жарыс болған соң ең мықтылары келеді. Менің қарсыласым да өте мықты болды. Жеңу қиын болды. Бірақ, жанкүйерлердің қамшылауының арқасында жеңіп шықтым.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.