Теріскейде қазақтың топай ойыны жаңғыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейде қазақтың топай ойыны жаңғыруда

20.12.2018

Теріскейде қазақтың топай ойыны жаңғыруда. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа қала мектептеріндегі дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты. Мақсат - алдымен мұғалімдерді үйретіп, мектептерде кеңінен насихаттау.

Жарыстың ерекшелігі, қой емес, жылқы асығы тігіледі. Сақасын шиырып, кім сызықтан көп асық шығарса, сол жеңімпаз атанады. Биыл жарыс тек қалалық деңгейде өтсе, келер жылы облыстық ауқымда өткізу жоспарланған. Ұйымдастырушылар бұл сайысты «Ботай» деп атап, теріскейдің брендіне айналдыруды көздейді.  

Ерлік Мұхамеджанов, СҚО Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ұйымдастырушы: 

- Бұл ойынның осы кезге дейін қағаз бетіне басылған қандай да бір ережесі немесе методикалық құрамы болмаған. Бұл істі осыдан 3,5 жыл бұрын бастадық. Өзім осы сайысты ойнағанмын. Бізден кейінгілер компьютерге әуес болып кетті. Кейін осы сайысты неге біздің облысымыздың бренді қылып шығармасқа деген ой туындады.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу