Бүгін - Дүниежүзілік қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Дүниежүзілік қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес күні

17.06.2016
Бүгін - Дүниежүзілік қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес күні

17 маусым, жұма, 2016 жыл

Бүгін - Дүниежүзілік қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес күні. 1994 жылы Парижде шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Халықаралық конвенция қабылданған күннен бастап атап өтіледі.

1 жыл бұрын (2015) Мәскеуде РФ-дағы ҚР Елшілігі резиденциясында Ресей ғылым академиясы Экономика институтының Құрмет белгісімен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Нзарабаевты марапаттау рәсімі өтті.

3 жыл бұрын (2013) «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Халықаралық телерадио хабар тарату қауымдастығына (Association for International Broadcasting) кірді.

3 жыл бұрын (2013) Каспий жағалауында құны 35 миллион АҚШ доллары болатын, Қазақстанда аналогы жоқ сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды.

5 жыл бұрын (2011) Ресейдің Астрахань облысында Бөкей хан кесенесінің құрылысы басталды.

6 жыл бұрын (2011) Президент Н. Назарбаев XV Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты.

13 жыл бұрын (2003) Астанада «Думан» ойын-сауық орталығының ашылу салтанаты өтті.

18 жыл бұрын (1998) Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясы үйі алдында композитор, Қазақстанның Халық әртісі, Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды.

23 жыл бұрын (1993) ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты құрылды.

24 жыл бұрын (1992) «Ана тілі» баспасы Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағлымы» атты кітабын жарыққа шығарды.

67 жыл бұрын (1949) спортшы, жеңіл атлетикадан КСРО спорт шебері, 800, 1500, 3000 метрлік қашықтыққа жүгіруден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы Бекен КҮРЕҢКЕЕВ дүниеге келді.

71 жыл бұрын (1945) техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі Өскенбай МӘДИЕВ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу