Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегін «Qazsport» арнасы тікелей эфирден көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегін «Qazsport» арнасы тікелей эфирден көрсетеді

26.01.2019

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (6-0, 6 КО) кезекті жекпе-жегін 27 қаңтар күні Канаданың Монреаль қаласында мексикалық Абрахам Хуареске (13-1, 4 КО) қарсы өткізеді.

Аталған кездесуде WBC тұжырымдамасы бойынша жастар арасындағы Әлем чемпионы атағы сарапқа салынбақ. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген.

Тартысқа толы бокс кешін 27 қаңтар күні таңғы 07:55-тен бастап «Qazsport» арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста жастар арасындағы WBC чемпионадық атағына таласатын алғашқы қазақстандық боксшы болмақ.

 

Хабарламаларға жазылу