Павлодарда қысқы ралли-спринттен ҚР кубогының үшінші кезеңі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда қысқы ралли-спринттен ҚР кубогының үшінші кезеңі өтті

13.02.2019

Автобәйгеге еліміздің 6 аймағынан 34 спортшы қатысты. Олар жеті аталым бойынша бақ сынады.

Бұған дейін Астана мен Қарағанды қалаларында жарысқа түскен автошабандоздар Павлодарда мұз үстінде жүйткіді. Күре жолдағыдай емес, көк мұз құрсанған өзен бойында темір тұлпар тежеуге ырық бермейді. Осы жолғы жарыста жол қанша тайғақ болғанымен, экипаждар мәреге аман-есен жетті.

Нұрпейіс Қонысбаев, Автоспорт бойынша мемлекеттік жаттықтырушы:

- Павлодардағы кезең біздің спортшыларға өте ұнайтын, өзі бір ерекше трасса. Қашықтығына қарамастан, барлығы келуге тырысады. Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша ралли-спринттен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы жасақталады.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу