Универсиада-2019: Қазақстан спортшылары алғашқы медальға ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Универсиада-2019: Қазақстан спортшылары алғашқы медальға ие болды

04.03.2019

Ресейде өтіп жатқан қысқы универсиада ойындарында Қазақстан спортшылары алғашқы медальға ие болды. Құрама қоржынына жүлдені салған Жанбота Алдабергенова. Фристайл шебері «шаңғы акробатикасы» сынында 79,38 ұпай жинап үшінші орыннан көрінген. Ал бірінші орынды Беларусь спортшысы Александра Рамановская 100,29 ұпаймен иеленді. Тұғырдың екінші сатысында ресейлік Любовь Никитина. Жанбота Қазақ ұлттық университетінің 4-курс студенті. Ол 2 жыл бұрын Алматыда болған универсиада да қола жүлдені қанжығасына байлаған еді. Сондай-ақ, дәл осы сында өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз 17 жастағы Аяна Жолдас төртінші орыннан көрінді.  

Жанбота Алдабергенова, универсиада ойындарының жүлдегері:

- Мен үшін өте қиын болды. 2017 жылы бұлай болмады. Біздің бәсекелестер өз элементтерін қиындау емес секіретін еді. Міне өздері де көтерілді. Бізде қалысып жатқан жоқпыз. Әлем чемпионы да, күміс жүлдегері де қатысып жатыр. Міне, бүгін енді 3-орынға ие болдым.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу