Наурыз тойы жалғасуда. Ұлттық салтымыз бен әдет-ғұрыптарымыз ұлықталып, өнегелі өнеріміз бұқаралық сипатта жаңғыруда. Барлық мекемелер көктем мерекесінде әдеттегідей мол дастарқан жайып, ұлттық нақышта безендіру жасап, қызметкерлер арасында әртүрлі сайыстар ұйымдастыруда. Мәселен, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары арасында сайыс өткізуде.
Өскелең ұрпаққа ұлттық ойындарымыз туралы жан-жақты ақпарат берілуде. Ақ бата беріліп, барлық қонақтарға наурыз көже ұсынылуда. Өнерлі қызметкерлер ән айтып, би билеп, жұртшылықтың көңілін көтеруде.
Айта кетейік, бұл Ұлттық орталықта төл тарихымыз бен айтулы тұлғаларымызға қатысты және олардың құнды шығармалары мен қолжазбалары бар. Мыңдаған құнды дүниелерді сандық форматқа ауыстыру үдерісі жүріп жатыр.
Қайыржан Күзембаев, Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы директорының орынбасары:
- Біздің орталықта 11 мыңнан астам кітап бар. 300-ден астам қолжазба бар.
Ербол МӘНДІБЕК