Алматыда велотрек ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда велотрек ашылды

06.05.2019

Алматыда осы заманға сай велотрек тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді. Негізі ірі мегаполистің орталық паркінде 1979 жылы салынған бұл нысан кейінгі 30 жылдан бері жұмыс істемеген. Алматы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» қоры бірігіп, велотректі қайта жаңғыртты. Ал, салтанатты шараға қала әкімі Бауыржан Байбек пен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан Есімов қатысты.

Нысан велоспортты дамытып, оны халыққа кеңінен насихаттау мақсатында ашылды. Мұнда жергілікті спорт мектептерінің оқушылары үшін сабақтар өтеді. Тұрмысы төмен отбасылардың балалары велоспортпен тегін айналысады. Сонымен қатар, түрлі жарыстар мен спорттық шаралар ұйымдастырылмақшы.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ төрағасы:

- Біздің қор негізгі жұмысынан бөлек, қайырылымдықтармен де айналысады. Соның ішінде спорт саласына көбірек көңіл бөлеміз.  Көптеген облыстарда спорттық алаңдар салынып жатыр. Спортшыларға қолдау көрсетіліп келеді. Алматы қаласында осындай сапалы нысанның жөнделуі үшін арнайы қаржы бөлдік. Сондықтан жаттығыңыздар, спортпен айналысыңыздар.

Қарасай НҰРХАН

Хабарламаларға жазылу