Петропавлда ұлттық ойындар фестивалі өтті. 200-ден астам оқушы асық ату, тоғызқұмалақ пен бестастан жарысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады. Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер, республикалық турнирде облыс намысын қорғайды. Жалпы, жыл өткен сайын теріскейліктердің ұлттық ойынға деген қызығушылығы артып келеді. Бұған, өз өнерімізді дәріптеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сеп болды дейді мамандар.
Жандарбек Қуандықов, бас жаттықтырушы:
2 жыл бұрын облысымызда асық ату ойыны федерациясын құрдық. Ары қарай дамытып, жүлделі орындарға жететін дәрежедеміз. Шет мемлекеттерге шықсақ деген ойдамыз. 2011 жылдан бері көп жарыстарға қатыстық. Республикалық жарыстарда жүлде алдық.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ