Бүгін Елордада халықаралық Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының спорттық конференциясы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Елордада халықаралық Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының спорттық конференциясы басталады

14.06.2019

Оған әлемнің 20-дан астам елдерінен келген ірі телерадио компанияларының басшылары қатысады.

Әлемдік медиа саласындағы маңызды жиынды «Қазспорт» арнасы ұйымдастырып жатыр.

Халықаралық хабар тарату ұйымына жалпы 272 телеарна мүше. Олардың 76 мемлекетте 3 миллиардтан астам көрермені бар. Отандық спорт арнасы халықаралық жиынды тиімді пайдаланып, меймандарға ұлттық спорт түрлерінен арнайы көрсетілім ұйымдастырмақ. Осылайша шетелдік телеарналарға қазақтың көкпары мен бәйгесін насихаттап, телеөнімді экспорттауды жоспарлап отыр.

Павел Цывулин, «Казспорт» телеарнасы директоры:

Менің ойымша, арнайы көрсетілімде біз шетелдік әріптестеріміздің қызығушылығын оята аламыз. Азияның көптеген елдері өздерінің ұлттық спорт түрлерін осылайша шетелдік арналарға шығарған. Біз де сол жолды таңдап отырмыз. «Қазспорт» арнасыны өнімдері жақсы сапада. Ұлттық спорт түрлерінің тікелей көрсетілімдерін немесе жекелей хабарларын шетелдік арналарда көрсету бұл өзіміздің мәдениетімізді әлемге насихаттауға тамаша мүмкіндік деп есептеймін.

Хабарламаларға жазылу