Үш ғасырдың куәсі болған әже - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш ғасырдың куәсі болған әже

08.03.2013
Үш ғасырдың куәсі болған әже

Оңтүстік Қазақстан облысының тек бір ғана Қазығұрт ауданында жасы жүзден асқан 14 тұрғын бар. Солардың бірі - Ұлбала Бейсенова. Үш ғасырдың куәсі болған кейуана биыл 117 жасқа толып отыр.

 
Бұл Қазығұрт тауының етегін жағалай қонған Шарапхана ауылының, Жібек жолы көшесіндегі Ұлбала Бейсенованың шаңырағы. 1897 жылы дүниеге келген кейуана «жас кезімнен еңбекке араласып, комбайын мен тракторды тізгіндедім»,- дейді. Көңілі түскен кей сәтте еске алып, ұзақ жасаудың сыры жайлы ақтарылатыны бар.    
 
Ұлбала Бейсенова, 117 жастағы әже:
Ұзақ жасаудың дейсіз бе? Ұзақ жасау амалы айран ішіп, қымыз ішіп, ет жеп, жақсы ауқат ішсең өсесің. 
 
Ұлбала Бейсенованың ең сүйікті асы «жұқпа» тамақ. Сүйікті сусыным қымыз, дейді.   Қазір, кейуана егде жасына қарамастан өзін сергек сезінеді. Ертелі-кеш ауылдың кішкентай «кекілділеріне» ертегі айтып, келіндеріне ақыл кеңесін беріп отырады. Көрші, қолаңның қал-жағдайын да, жиі біліп тұрады, дейді ауыл тұрғындары.   
 
Бибіжамал Шалқарова, көршісі:   
Ол кісінің сүйегі асыл. Көршілерімен тату.
 
Ұлбала әже 1ұл, 1 қызынан 37 немере-жиен, 18 шөбере, 6 шөпшек, 3 немене сүйіп отыр. Көктемнің алғашқы мерекесіне орай жергілікті билік өкілдері тосынсый жасап, құрмет көрсетті. 
 
 
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ

Хабарламаларға жазылу