Маңғыстауда биыл «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының арқасында 55 кәсіпкер жеке ісін бастады. Мұнайлы ауданында тігін цехы ашылды. Мемлекет қолдауының арқасында жергілікі кәсіпкер 15 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды.
Қазір цехта 12 адамды жұмыс істейді. Шеберлер айына 20 көрпеге дейін тігеді. Сапалы тауарға сұраныс бар. Сондықтан кәсіпкер өнім көлемін келешекте еселеп, жұмысшылардың да санын арттыруды жоспарлап отыр. Толығырақ «KazNews» жаңалықтарында.