Алтын контрабандасының жолы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтын контрабандасының жолы кесілді

06.01.2014
Алтын контрабандасының жолы кесілді
«Жайық» шекаралық бақылау бекетінде ірі көлемдегі алтын контрабандасының жолы кесілді. Күдікті ретінде «Мәскеу-Алматы» пойызының 33 жасар жолсерігі ұсталды.
 
Пойызға тығылған контрабандалық тауар кезекті тексеру кезінде табылды. Шекардан заңсыз өткізілген зергерлік бұйымдардың жалпы салмағы 2 келі 800 граммды құраса, нарықтағы бағасы 10 миллион теңгенің төңірегінде. Қазір қылмыстық іс Қаржы полициясына жолданды.
 
Саят Шубаев, 20/29 әскери бөлімі командирінің орынбасары:
Табылған алтын Украина елінде жасалған. 585-ші белгілі. Алтынның арасында 450 сақина, 195 сырға, 1 алқа, 1 түйрегіш болды. Ұсталған азаматтың сөзіне қарағанда, оның танысы алтынды Мәскеу қаласынан Алматы қаласына жеткіз деп сұраған.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу