Атырауда кәсіпкерлердің қатары көбеюде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда кәсіпкерлердің қатары көбеюде

06.01.2014
Атырауда кәсіпкерлердің қатары көбеюде
Республикалық телерадиокорпорациясы
 
17:57
Жұма, 02 мамыр
 
 
 
06 қаңтар
20:30
Атырауда кәсіпкерлердің қатары көбеюде
Аймақта мал фермалары, жылыжай, наубайхана, жиһаз цехтары сияқты шағын өндіріс орындары көптеп ашылуда.
 
 
Атырау облысында өз кәсібін ашуға ниеттілердің қатары артып келеді. Аймақта   мал фермалары, жылыжай, наубайхана, жиһаз цехтары сияқты шағын өндіріс орындары көптеп ашылуда.
 
Бұл үрдіс жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға да жол ашып отыр. Өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілері 500 миллиард теңгеге жуық өнім өндірген және қызмет көрсеткен.
 
Атыраулық кәсіпкер Жеміс Қиярова құс шаруашылығымен айналысады. Ол қаз бен тауық асырайды. Осы тірлігін одан ары дамыту үшін «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы несие алды. Осының арқасында кәсіпкердің тірлігі дөңгелене жүріп кетті. Өнімдеріне сұраныс артты.
 
Жеміс Қиярова, кәсіпкер:
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге несие алдық. Шаруашылығымызды дұрыстадық. Мына қоршаған торларымызды Астраханнан алып келдік. Оның бәрі шығын. Қаздың етіне Атырауда сұраныс бар.
 
Өңірде «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында соңғы үш жылдың ішінде 1395 адам шағын кәсіпорын ашуға немесе кәсіптерін жалғастыруға мүмкіндік алды. 
 
Соңғы кездері мемлекеттен шағын несие алып жеке кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін атыраулықтардың қатары күрт көбейіп келеді. 
 
Гүлболат Аманғалиева, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің басшысы:
2012 жылмен салыстырғанда бүгінге несие алушылардың саны 10 есеге артты. 2014 жылға шағын несиелеуге Атырау облысына 1 миллиард 189 миллион теңге қарастырылып отыр. Бұл бағытта 403 адам несие алады деп жоспарланып отыр.
 
Жыл сайын шағын несиеге сұраныс артып, қаралған қаржы көлемі өсіп келеді. 2012 жылы облыс бойынша өз кәсібін ашуға ниеттілерге 700 миллион теңге шамасында шағын несие берілсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 3 есеге өсіп, 2 миллиард теңгеге жетті. Соның нәтижесінде жаңа кәсіпкерлік нысандар ашылып, жүздеген адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр.
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу