Шенеуніктің ісіне байланысты тәртіптік кеңес шешім шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шенеуніктің ісіне байланысты тәртіптік кеңес шешім шығарды

08.01.2014
Шенеуніктің ісіне байланысты тәртіптік кеңес шешім шығарды

Бұған дейін Ұлттық арна Көкшетау қаласында хатшысына қол көтерген Жер инспекциясының басшысы туралы сюжет көрсеткен болатын. Шенеуніктің заңсыз әрекетіне байланысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде тәртіптік кеңес жиналыс өткізді. 

 
Алайда, отырысқа   айыпталушы Қайрат Бақбергенұлы қатыспады. Оқиға орын алған сәттен бастап, ол емделуге байланысты уақытша демалысқа шыққан көрінеді.
 
Сұрастыра келе, шенеуніктің ауруханада болмағаны анықталды. Қазір, нақты қайда жүргені белгісіз. Іздеуде жүрген басшыға байланысты жәбірленуші Әйгерім Изахметованың шағымының   шын-өтірігін тәртіптік кеңес талқылады.
 
Шағымда Жер инспекциясының басшысы жұмысына ішіп келгендігі, қарамағындағыларды балағаттап, хатшысына қол көтергендігі жазылған. Келтірілген дәлелдерді назарға ала отырып, агенттік қызметкерлері шешім шығарды.
 
Жеңіс Қоржынов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары:
Тәртіптік кеңес мүшелері бір ауыздан жұмыстан босату туралы, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта министерлікке осы шешім жолданды. Бүгінгі күнде оның нәтижесін күтудеміз.
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу