Қарағанды әкімі көлігін автобусқа «айырбастады» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды әкімі көлігін автобусқа «айырбастады»

13.01.2014
Қарағанды әкімі көлігін автобусқа «айырбастады»

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Смағұлов жексенбі күні қаладағы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы мен тазалығын тексерді. Ол үшін әкім қала көшелеріндегі автобустарға қарапайым жолаушы ретінде мініп, бірнеше аялдама жүріп отырған.

 
Алдымен ол № 1 автобусқа отырып, көппен бірге 80 теңге жол ақысын да төлеген. Қоғамдық көліктің тазалығы мен аялдамаларды хабарлау мәселесінде ешқандай мін болмағанымен, рөлде кофе ішіп отырған жүргізушіге әкім ескерту жасады.
 
Бұдан кейін де бірнеше қоғамдық көлікке мінген әкім тазалық жөнінде бірқатар ескертулер айтты. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, мұндай тексерістер енді жиі болып тұрады.
 
Естеріңізге салайық, өткен аптадан бастап, Қарағандыда жол ақысы 50 теңгеден 80 теңгеге қымбаттаған болатын. 

Хабарламаларға жазылу