Көкшетауда 52 жастағы тұрғын есірткімен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда 52 жастағы тұрғын есірткімен ұсталды

23.01.2014
Көкшетауда 52 жастағы тұрғын есірткімен ұсталды

Есірткі бизнесімен күрес жалғасуда. Бұл жолы Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны есірткі затын сату кезінде ұсталды.

Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың үйін иіс сезгіш иттің көмегімен тінту кезінде есірткі затын және оны дайындауға қажетті құралдарды тәркіледі.

Есірткі заты - марихуана, оның салмағы - 31 грамм. Ұсталған азаматтың үстінен Қылмыстық Кодекстің 259-ы бабы бойынша іс қозғалды.

 
Қайрат Қонақбаев, Ақмола облысы Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы:
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі заттарының облыс орталығына қайдан келгендігі қазір анықталып жатыр.
 
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу