Қатаң тәртіп - қауіпсіздік кепілі. Содан болар еліміздің күштік құрылымдары жиі әскери жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Өткен жылға қорытынды жасаған ҚР ІІМ Ішкі әскері былтыр 9 халықаралық, 8 республикалық деңгейдегі шараға қатысқан.
Оның ішінде мемлекеттік мекемелерді күзету мақсатында 6 мың 769 тапсырма орындаса, қоғамдық қауіпсіздікке қатысты еліміздің 19 шаһарында патрульдік-бекеттік қызмет бойынша 4 мың 635 тексеріс жүргізген.
Нәтижесінде, 71 мың 562 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. 326 суық және оқ-дәрімен атылатын қаруды және салмағы 148 келі есірткі затын тәркілеген. Осылайша өткен жылы көп істің көбесі сөгілді. Алда атқарылар жұмыстар да шаш етектен. «Қазақстан-2050» стратегиясында жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындау қажет.
Мұхаметқали Сатов, ҚР ІІМ Ішкі әскерлер бас қолбасшысының орынбасары:
Әскери кеңесте 2014-2016 жылдарға арналған Ішкі әскердің даму бағдарламасының негізгі ережелері қаралады. Бағдарлама ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясы талаптарының аясында жасалды.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ