«Нұр Отан» Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыра бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыра бастады

30.01.2014
«Нұр Отан» Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыра бастады
 
Көкшетауда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының ұйытқы болуымен Елбасы Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес атқарылатын жұмыстардың барысы талқыланды. Осы айдан бастап «Кедергісіз келешек» жобасы іске қосылды.
 
Бұл жоба бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Яғни, оларды жұмыспен қамтуға, құқықтары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға партия тарапынан көмек көрсетілмекші. Өткен жылы саяси ұйымның Ақмола облысы бойынша қоғамдық қабылдауында 4 мың 250 адамнан өтініш келіп түскен.
 
Ал биылдан бастап аптаның әр сәрсенбісі мүгедектерді қабылдау күні болып жарияланды. Сондай-ақ, жиында «Сәтті қадам» бағдарламасы бойынша жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі де көтерілді. Өткен жылдың қараша айынан басталған бағдарлама алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
 
Сәкен Әлібеков, «Нұр Отан» ХДП-ның Ақмола облысындағы филиалының бөлім меңгерушісі:
Екі адамды жұмысқа орналастырдық. Оның ішінде «Қазақстан темір жолы» мен СПК «Есілге». Бұл жобаның мақсаты - қолында дипломы, құжаты бар, бірақ орналасуға мүмкіндігі болмай жатқан жастарға қолдау көрсету.
 
 Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
 

Хабарламаларға жазылу