Шымкент қаласында көмір иісінен уланған екі әйел қаза болды. Қайғылы оқиға отынның дұрыс жанбауынан болған. Осыған байланысты шұғыл арнайы коммиссия құрылып, қайғылы оқиғаның шығу себебін анықтауға кірісіп кетті.
Бұдан бөлек, Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек елді мекеніндегі үйлердің бірінде табиғи газ жарылып, бір отбасының 11 мүшесі жарақат алды. Абырой болғанда, кісі өлімі жоқ.
Түрлі деңгейде күйік шалған азаматтардың 6-уы жас бала. Қазір, зардап шеккен адамдар Сарыағаш аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр.
Арман Әсібеков, ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы:
Табиғи газ саңылаудан ауаға таралып, кішігірім жарылыс болған. Бірақ жану процесі болмаған.
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ