Сыртқы саясат тұжырымдамасы - еліміз үшін маңызды құжат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы саясат тұжырымдамасы - еліміз үшін маңызды құжат

04.02.2014
Сыртқы саясат тұжырымдамасы - еліміз үшін маңызды құжат
Елбасының биылғы Жолдауындағы міндеттерге сәйкес жарық көрген еліміздің 2020 жылға дейінгі сыртқы саясатының тұжырымдамасы - еліміз үшін маңызды құжат. Бұл қадам арқылы Қазақстан әлемге ашық әрі түсінікті саясат жүргізіп жатқанын жария етті. 
 
Маңызды құжатта алдағы алты жылда Отанымыздың сыртқы саясатты қалай жүргізетіні, қай мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастық нығайтатыны айқын көрсетілген. Әсіресе, бұл бастама болашақ дипломаттар үшін маңызды, дейді шығыстану факультетінің деканы Баян Жұбатова.
 
Баян Жұбатова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универсиеті шығыстану факультетінің деканы:
Шындығында біздің сыртқы серіктестеріміз, басқа азиялық университеттердің өкілдері Қазақстанды жеке алып зерттемейді. Оны Орталық Азиядағы  үлкен рөл атқарып отырған мемлекет ретінде қарастырады. Тұжырымдамада Орта және Таяу Шығыстағы саяси ахуалға үлкен мән беріледі және Қазақстанның мүддесі сол өңірлердегі саяси тұрақтылықты қолдау екеніне ерекше назар аударылған.
 
 
 
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу